Һәдәкә
Тілек Ырысбектің аудармасы

Һәдәкә* неге сен жылайсың?
Мен жендет емеспін.
Мен жәй ғана білмеймін дедім емес пе?
Мен сенің перзенттеріңнің тойы туралы армандарыңды орындауды қалармын ба
Мүмкін мен жігітке мүмкін немесе транс-тұлғаға ғашық боп қалармын.
Мен перзент асырап аламын.
Ол бәрібір қаны жат болса да Ниязов болады.
Мен естияр адаммын
Білемін біздерді тек қана қанымыз байланыстыратын
Тек қана қанымыз

Мен білемін сені қырық жас
иланғыш еткеннің қандай қиын екенін
Бұның қателік екенін ал сосын осыны
перзентің алдыңда бүкпесіз айтқаны.
Мен үшін бұл өте қалыпты.
Мен естияр адаммын.
Ешбір қыз ренжіткен жоқ мені.
Мен ғашықпын,
Қыздарға бірақта кім білсін?

Кім білсін.
Бұл жәй ғана пропаганда.

Сен менің жәй ғана бақытты және
тамаша болғанымды қалайсың емес пе?!

Ағамның ізімен анамның өлгені
Қиын ғой әрине
Жүйкең де жұқарған
Ал
Бұның саған қажеті не екенін. Мен білмеймін
Сен тек отбасын сосын бақыт болуды қаладың емес пе
тарихта қалуды емес әрине.

Мен бақыттымын
Және білмеймін
сені қалай жұбату керегін.
Білмеймін.


* һәдә [адя] — Әпкенің ұйғырша атауы. Неге екенін білмеймін, әкемның кіші қарындасын солай атаймын.
Һәдәкә
Абзал Сүлейменнің аудармасы

адәка* сен неге жылайсың
қолымды малмадым қанға
той мен балалар туралы арманды
орындағым келе ме
білмеймін
айтқаным сол ғана
мүмкін мен жігітке
мүмкін транс-тұлғаға
ғашық боламын
мүмкін жетімге боламын пана
ол бәрібір ниязов болады
мейлі қаны бөлек болса да
мен ересекпін
көбіміз қанмен ғана байланғанбыз білемін
мен ересекпін
қырық жыл бойы дұрыс емес деп
миыңа сіңіргені қиын екенін
түсінемін
содан соң
сенің балаң міз бақпай бұның
қалыпты жағдай екенін айтады
мені ешбір қыз ренжітпеді
мен ғашықпын
қызға бірақ
ғажап емес
бәрі де мүмкін

бұл жай ғана пропаганда
сен менің бақытты және
жақсы болғанымды
қалайсың ғой

ағам ізін суытпай анамның да қаза болғаны
ауыр тиді түсінемін
жүйкең сыр бергенін айтасың
ал мен саған
не қажеті бар екенін түсінбедім
сен тек отбасы
мен бақытты ғана қаладың
тариxта қалғың келмеді

мен бақыттымын
сені қалай жұбататынымды
білмеймін

мен білмеймін

*Адәка - Әпкенің ұйғырша атауы. Неге екенін білмеймін, әкемның кіші қарындасын солай атаймын.

РАМИЛЬ НИЯЗОВ

адәка
Тілі: орыс
Аудармалар: қазақша 1, қазақша 2
адәка* почему
ты плачешь я же
не убийца я всего лишь
сказал я не знаю
хочу ли я исполнять твою мечту о свадьбе и детях
может я влюблюсь в парня может
в транс-персону может
я усыновлю ребёнка
и он все равно будет ниязов
хоть и другой крови
я взрослый
я знаю что со многими нас связывает
только кровь
я взрослый
я знаю что тяжело когда тебе сорок лет
внушали
это неправильно а потом
твой ребёнок приходит и
спокойно говорит
это нормально меня
не обидела никакая девушка
я влюблён
в девушку но
мало ли

мало
ли

это всего лишь
пропаганда
ты же хочешь
чтобы я был счастлив
и хороший

это тяжело
когда умирает дядя а следом мама
говоришь нервы ни к чёрту
а я не знаю
зачем тебе это
ты хотела
только семьи
и счастья
а не остаться в истории

я счастлив
и не знаю
как тебя утешить

не знаю




* һәдә [адя] — старшая сестра по-уйгурски. Я так называю младшую тётю со стороны отца. Даже я не знаю почему.
Автор туралы
Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінің 2017-2018 жыл түлегі (Павел Банниковтің поэзия семинары), Крёльски мәдени орталығының қызметкері. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің еркін өнер және ғылым факультетінің бакалавр-студенті. Аркадий Драгомощенко премиясының лонг-листі (2019).
Автор туралы
Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінің 2017-2018 жыл түлегі (Павел Банниковтің поэзия семинары), Крёльски мәдени орталығының қызметкері. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің еркін өнер және ғылым факультетінің бакалавр-студенті. Аркадий Драгомощенко премиясының лонг-листі (2019).