Менің көлігім өткенімді шет елдік қалалар картасына жазатын SHARPIE* маркер
Тілека Ырысбектің аудармасы

Мен қаланың бір бөлігін ғана жатқа білемін,
Жұмыс жаққа және жұмыс жақтан пайда болатын бағдарлар
карталарға шартты белгілер қояды.
Күнделікті өмірдің дағдылы каллиграфиясы
Google картада қызылдан із салған жолақтармен
қылыш көтерген қолдың бейнесін көрсетіп,
Менің өткен тарихымды еске салады.
Мен сосын картадан көше суреттерін көруге көшемін.
Оны сен дұрыс пайдалан
Сонда сен машина камерасы жадына сақтаған тарихтың
өткен шағына саяхат жасай аласың.
Сонымен!
Мен өткен шақ ауа-райының соңымнан ілесуіне мүмкіндік беремін.
Және телефон батырмасын басқан сайын аспан үсті ашыла түсуде.
Енді, көпшілік мендегі таңбаны матамен қолына байлап ап ұрандауда.
Онда кімнің шаруасы болсын. Бәрі де жасанды немесе тым алыс.
Бәріне бәрібір. Мен оны пикселдер арқылы түсініп отырмын.
Егер де онлайн сәл уақыт арнасам
Кешігем қайтадан. Ал маған болмайды кешігіп жүруге.
Енді мен рулда отырмын мұрнымды қасынып.
Зәкір мен қолшатыр бейнесі секілді,
айналма жол салып келемін бағытым ұқсасын деп соған.
Және мен сенемін келесі көз салған сәтімде тарихтың өзгеріп кетерін.

* SHARPIE -- маркердің кең таралған бір түрі
MY CAR IS A SHARPIE WRITING MY PAST ON A MAP OF THIS FOREIGN CITY
Аудармасы: қазақша

БОГДАН ПЬЯСЕЦКИ

Тілі: ағылшын
I only know a fraction of the city.
Commutes plot characters on maps -
a casual calligraphy of habit,
digital chemtrails in Google red.
My dots connect into an arm, right angle
elbow, sword in fist, clear in my history.
I switch to Street View. Do it right &
you can travel back in time preserved
by the camera car. So! I let past weather
chase me, sky lighter with each click. Now
houses flash amber, crowds brandish flares,
many wear my glyph on armbands, chanting.
Who cares. This is all fake, or far away,
which is the same. I can tell by the pixels.
And if I spend more time online,
I will be late, and I can't be late

again. I scratch my nose behind the wheel,
design a detour so my trail mimics instead
an anchor, or an umbrella, confiden
history will have changed next time I look.
Автор туралы
Богдан Пьясецки –Бирмингемде тұратын Польшадан келген ақын. Ісіне берілген орындаушы ретінде ол өлеңдерін Истборн пабының жоғарғы бөлмесінен Бирмингем репертуарлық театрының басты сахнасына, Токио андеграунд клубтарынан Париж трамвайларына, Бейжіңдегі кітап дүкенінен Германиядағы аэродромға, тауашалық подкасттардан Би-би-Си радиосына дейін өткізді. Ұлыбританияда ол үнемі ең қызықты spoken word кештерде, фестивальдар мен оқылымдарда өнер көрсетеді. Ол үлкен фестивальдердің шығармашылық хаосын, сондай-ақ әдеби шаралардың байсалдылығын ұнатады.

Богдан Польшада алғашқы поэтикалық слэм құрды, содан кейін Уорвик университетінде аударма ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін Ұлыбританияға көшті. Ол Голдсмит университетінің Spoken Word in Education магистрлік курсында білім беру директоры болып жұмыс істеді және 2010 жылдан 2017 жылға дейін Apple and Snakes жобасының продюсері болды. 2012 жылдан бастап ол Бирмингем университетінде Тұрақты шақырылған шығармашылық жазу оқытушысы болып табылады. Ол Beatfreeks-тің креативті продюсері және Поэзияны аудару орталығының директорлар кеңесінің мүшесі.