Шрёдингер сәбиі
Абзал Сүлейменнің аудармасы

7 қаңтар
мария күні
ол жалғыз босана алатын еді
сәбидің өлетінін білді
қайта тірілетінін де

әр жылдың 7 қаңтарында
және басқа күндері
мариялар машалар мен машенькалар
жатырына біткен илюша
игорь мен ескендірлерін босанады
өмір мен бақи үшін

және жыл сайын әлдебір машаның анасы:
қызының көлік қораның артында
толик
нурик
әсіресе витькамен арасында
ештеңе болмады деп үміттенеді

отауында бақ жұлдызы жанып
жол бастайтынына
және пәтерақы тамақ пен
оқуға ақша төлемеуге болады
деп те үміттенеді

өлместің күйінде сәби
өмірге келеді деп те үміттенеді

туғанша ол
Шрёдингер сәбиі

— үй сыртында мария шегетін шылым да
— әткеншекте басқа он бес жасар жеткіншектермен мария ішкен ішімдік те
— бүйірінен ішінен және жотасынан иосиф сыйға тартқан соққылар да

оған әсер етеді және етпейді де

сәби туғанға дейін өлмейді
өлгендердің де өлмейтіні секілді

АНАСТАСИЯ БЕЛОУСОВА

Младенец Шрёдингера
Тілі: орыс
Аудармасы: қазақша
7 января праздник марии
она одна могла рожать
знала
ребёнок умрёт
не насовсем

каждый год 7 января и в другие даты
марии машки и машеньки
рожают порочно зачатых своих илюш игорей и искандеров
для жизни и смерти
окончательной

и каждый год мама какой-то маши
надеется:
у её дочки ничего не было там за гаражами
с толиком
нуриком
и тем более с витьком

надеется:
над их домом зажжётся звезда и укажет путь благодетелям
и не придётся платить за коммуналку еду и образование

надеется:
ребёнок родится для иной жизни
бессмертным

а пока не родился
он младенец Шрёдингера

на него одновременно действуют и не действуют:

— сигареты которые курит мария за углом дома
— водка которую пьёт мария на качелях с другими пятнадцатилетними девочками и мальчиками
— удары которые дарит ей иосиф по бокам животу и спине

младенец бессмертен пока не родится
как бессмертны мёртвые
Автор туралы
1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің магистратурасын әдебиеттану мамандығы бойынша бітірді. Алматылық ашық әдеби мектебіндегі Павел Банниковтың поэзия семинары мен Елена Клепикова және Ксения Рогожникованың проза семинарының түлегі.
Автор туралы
1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің магистратурасын әдебиеттану мамандығы бойынша бітірді. Алматылық ашық әдеби мектебіндегі Павел Банниковтың поэзия семинары мен Елена Клепикова және Ксения Рогожникованың проза семинарының түлегі.