Реликтовая чайка*
Рамиль Ниязовтың аудармасы

Вернувшись вновь в Аралтобе**,
Сотни,
Тысячи километров,
Оставив позади;
Чайка, на лице знакомого ей озера;
На лице незнакомого ему озера птенец,
Плывя на гребне сине-пёстрой волны,
Вновь готовятся к полёту.

Не древняя и не новая,
Великая птица мёртвого сезона,
Знающая глубину корней своих, но
И то, что озеро это
Частица древнего моря;
И то, что царство динозавров на планету
Не вернётся.

Когда умирают от человеческих рук
Тысячи шумных чаек,
На галечник
Бросающие падаль свою,
На острове, где ничего не растёт;
Когда умирают от человеческих рук
Сотни визгливых чаек,
На галечник
Бросающие пуховые перья свои,
На острове, где ничего не растёт;
Когда умирают от человеческих рук
Парочка шепчущих чаек,
На галечник
Бросающие тела свои,
На острове, где ничего не растёт,
Никто не слышит скорбного голоса…,
И в этом году Аралтобе сирота…

*Реликтовая чайка – древняя чайка.
**Аралтобе – Остров на озере Алаколь, где гнездятся реликтовые чайки.
Реликті шағала*

АБЗАЛ СҮЛЕЙМЕН

Тілі: қазақ
Аудармасы: орысша
Жүздеген,
Мыңдаған шақырымдарды
Артқа тастап,
Аралтөбеге** қайта оралғанда,
Өзіне таныс көлдің бетінде шағала,
Өзіне бейтаныс көлдің бетіндегі балапан
Қайта ұшуға қамданады,
Көк ала толқынның жалында қалқып.

Ескі де емес және жаңа да,
Өліара кезеңнің ұлы құсы,
Тамырының тереңге бойлағанын да, бірақ
Планетаға әмірі жүрген динозаврлар дәуірінің
Қайта келмейтінін де біледі.
Біледі сосын ол мынау көлдің де
Көне теңіздің бөлшегі екендігін.

Ештеңе өспейтін аралдағы
қиыршық тастарға,
Жемтігін төсеген,
Шуылдақ мыңдаған шағала
Адам қолынан қаза тапқанда;
Ештеңе өспейтін аралдағы
Қиыршық тастарға,
Мамық қауырсынын төсеген,
Шаңқылдаған жүздеген шағала,
Адам қолынан қаза тапқанда;
Ештеңе өспейтін аралдағы
Қиыршық тастарға,
Өз денесін төсеген,
Сыбырлаған қос шағала
Адам қолынан қаза тапқанда,
Ешкім де азалы дауыс естімеді..,
Биыл да Аралтөбе жетім…

*Реликті шағала – көне заман шағаласы
**Аралтөбе – Алакөл көліндегі реликті шағала ұя салатын арал
Автор туралы
1992 жылы 7 қазанда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. Ақын, әдебиетші, аудармамен айналысады. Қолөнер, ұлттық музыкалық аспаптарды жасайтын ағаш шебері.
Автор туралы
1992 жылы 7 қазанда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. Ақын, әдебиетші, аудармамен айналысады. Қолөнер, ұлттық музыкалық аспаптарды жасайтын ағаш шебері.