MÄTIL

RU
EN
KZ

'STYQ Online

*(mätin + til)

MÄTIL — үш бөлімнен тұратын ашық онлайн бағдарлама: көрмелер, панельдік пікірталастар және аударма воркшобы. MÄTIL бағдарламасының басты бағыты-қоғамдық мәдени өмірдегі және өнердегі тіл практикасы: қазіргі заманғы өнердің көрнекі тілі, тілдік белсенділік, төменгі тілдік бастамалар және әдеби аудармалар.

MÄTIL аударма воркшобы — бұл эксперимент және Қазақстандағы қазақ пен орыс әдебиеті арасында диалог құруға деген талпыныс. Біз қазір тұрып, жазып жүрген қазақстандық ақындарды бір-бірін аудару үшін шақырдық. Воркшоп үш тілде өтті (қазақ, ағылшын, орыс), оның нәтижесінде өзара аударма сериясы туындады.
АУДАРМА ВОРКШОБЫ
Эта выставка - массовое мирное собрание казахских и международных художников.

Про то, как они совершают смелый шаг выхода из личного пространства в неизвестное, в публичное пространство. Каждый день, из дома, квартиры, улицы, персонального компьютера, телефона, собственных мыслей, оформляя их в высказывание.
Панельдік пікірталаста біз тілдік белсенділік, Қазақстандағы қостілділікке қатысты жағдай, тілдік әділдік мәселелеріне ден қоямыз.
ПІКІРТАЛАСТАР
ОНЛАЙН ЛЕКЦИЯЛАР
«ӨЗГЕРІСТЕР ДӘУІРІ, ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» ЛЕКЦИЯСЫ, АРДАҚ НҰРҒАЗЫ
Лектор: Ардақ Нұрғазы – ақын, драматург һәм сыншы
Тіл: қазақша
Субтитр: орысша, ағылшынша
Күні: 29 наурыз
Ардақ поэзияның лирикадан эпосқа, модернизмнен постподернизмге өткен жолы туралы; Мағжан Жұмабаев пен Жұмекен Нәжімеденовтің бастаған әдеби үдерісінің жалғасын таппау себептері туралы; заманауи қазақ поэзиясы үшін бүгін қандай ықпалдар маңызды және бұл аяда не болып жатқаны туралы айтып береді.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫС ПОЭЗИЯСЫ: ТІЛДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТҮЙІСІНДЕ» ЛЕКЦИЯСЫ, ПАВЕЛ БАННИКОВ
Лектор: Павел Банников — ақын, редактор, баспагер
Тіл: орысша
Субтитр: қазақша, ағылшынша
Күні: 31 наурыз
Павел Қазақстандағы орыс поэзиясының 1991 жылдан бастап дамуы мен өзгеруі туралы айтып береді. Орыс поэзиясының алматылық мектебі бар ма және қазақ орыс деген кім деген сұрақтарға жауап береді.