29 наурызда
«Өзгерістер дәуірі, қазақ поэзиясындағы жаңа мүмкіндіктер» лекциясы, Ардақ Нұрғазы
Ардақ Нұрғазы – ақын, драматург һәм сыншы. 1972 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Толы ауданында дүниеге келген.

2003 жылы Қазақстанға қоныс аударып, «Шетел әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Жалын» журналында редактор, «Алматы ақшамы» газетінде журналист ретінде жұмыс істеген, сонымен қатар Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында да менеджер және редактор қызметтерін атқарған.

«Жалған бостандық кітабы» (2009), «Арақұс» (2012, қазақ, қытай тілдерінде), «Дәлдік һәм тұнықтық» (2014, ағылшын, қытай, қазақ тілдерінде), «A Garden of Trees and Other Poems» (2016), «Pebbles, Eggs and the Fence: A Collection of Poetry from Central Asia» (2020, Australia, «Puncher & Wattmann») өлең жинақтарының, «Қазақтың модернистік поэзиясы» (2010), «Таным мен талғам» (2018) сын кітаптарының, «Сызықтар мен нүктелер» (2010) әңгіме жинағының авторы. Өлеңдері мен мақалалары ағылшын, қытай және орыс тілдерінде жарық көрген.

«Мен, мен ешкім де емеспін» пьесасымен І «Рух» халықаралық әдеби конкурсының «Драматургия» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алған.

Ардақ поэзияның лирикадан эпосқа, модернизмнен постподернизмге өткен жолы туралы; Мағжан Жұмабаев пен Жұмекен Нәжімеденовтің бастаған әдеби үдерісінің жалғасын таппау себептері туралы; заманауи қазақ поэзиясы үшін бүгін қандай ықпалдар маңызды және бұл аяда не болып жатқаны туралы айтып береді.

Формат: бейнелекция
Тіл: қазақша
Субтитр: орысша, ағылшынша
Ұзақтығы: 45 минут
31 наурызда
«Қазақстанның орыс поэзиясы: тілдер мен әдебиеттер түйісінде» лекциясы, Павел Банников
Павел Банников — ақын, редактор, баспагер.

2004 жылы «Мұсагет» ҚҚ әдеби курсын бітірді. 2007 жылы ҚазҰПУ-дың филология факультетін бітірген. 2005-2006 жылдары - «Аполлинарий» әдеби-көркем басылымының редакторы. 2006 жылдың соңынан — франшиза басылымдарында редактор және колумнист (Men's Health, Cosmopolitan, «Огонек», «Вокруг света» және т.б.) Қазақстандық жазушылардың бірқатар шығармалары мен авторлық кітаптарының құрастырушысы, редакторы және бірге бастырып шығарушысы. Бес өлең кітабының авторы.

«Ышшо Одын» (2009) антипериодты баспасының , «Сөзыв» (2012 жылдан) поэзия фестивалінің, «Полифония» (2014 жылдан) әдеби фестивалінің негізін қалаушылардың бірі.

Алғашқы әдеби жарияланымы 2004 жылы «Аполлинарий» журналында болды. Сондай-ақ «Воздух», «Знамя» журналдарында, «Литературная Алма-Ата», «сорок.четыре», «Дом Ильи» журналдарында, Интернетте — «Топос», «Кастоправда» сайттарында және т.б. жарияланды.

2008 жылы «ЛитератуРРентген» сыйлығының қысқа тізіміне кірді, 2009 жылдан бастап — сыйлықтың номинаторлар алқасының мүшесі. «Дебют» жүлдесінің ұзын тізіміне екі рет кірген. Аркадий Драгомощенко атындағы сыйлықтың номинаторлар алқасына кіреді. Алматының Ашық әдебиет мектебінің оқытушысы (поэзия семинары). «Новая карта русской литературы» (Орыс әдебиетінің жаңа картасы) жобасының өңірлік кураторы.

Павел Қазақстандағы орыс поэзиясының 1991 жылдан бастап дамуы мен өзгеруі туралы айтып береді. Орыс поэзиясының алматылық мектебі бар ма және қазақ орыс деген кім деген сұрақтарға жауап береді.

Формат: бейнелекция
Тіл: орысша
Субтитр: қазақша, ағылшынша
Ұзақтығы: 45 минут
|

'STYQ өнер аясындағы жобалар мен коллаборацияларға арналған ашық эксперименталды платформасының ұсынған бағдарламасы

RU
EN
KZ

'STYQ Online

ЖОБАЛАР

Жоба өмір мен өнердегі тіл мәселесіне бағытталған: өнер тілі (онлайн-көрме), тіл активизмі мен жергілікті тіл бастамалары (панельді дискуссиялар) және әдеби аударма (аударма воркшобы). Жоба мақсаты — қазақ және орыс тілді орталар арасындағы коммункацияны мәдениет аясында бастау.
Бұл деректі жоба деректі театр, фотография және бейнені біріктіре отырып, тәуелділікті кең мағынада зерттейді. Тәуелділіктің стигматизациялануы туралы жаңа әдіспен айту үшін, бес кейіпкермен жүргізілген сұхбаттар бейне перформанстардың негізін қалады.
Композитор Blake Inmortales-тің музыкалық альбомы негізінде суретші-аниматор және кинорежиссермен бірлесіп жасалған мультимедиялық жоба.

БАҒДАРЛАМА

MÄTIL
Тәуелділік
Circulo
«Өзгерістер дәуірі, қазақ поэзиясындағы жаңа мүмкіндіктер» лекциясы, Ардақ Нұрғазы
29.03
«Қазақстанның орыс поэзиясы: тілдер мен әдебиеттер түйісінде», Павел Банников
31.03
JAMAN ÖNER онлайн-көрмесінің ашылуы
02.04
«Тіл бастамалары», панельді пікірталас
05.04
«Біріктіретін және ажырататын тіл», панельді пікірталас
07.04
MÄTIL аударма воркшобының нәтижелерін жариялау (поэзия)
10.04
«Куәгер, сен оқиғасың ба? Театр қайда?» режиссер Татьяна Панинаның (Мәскеу) сторителлинг пен куәгерлік театр туралы воркшобы
30.03
01.04
02.04
«Тәуелділік» жобасының алғашқы қойылымы
03.04
Артист толк: Барлығына арналған театр туралы
Спикер: Скотт Грэм (Frantic Assembly, UK)
03.04
Circulo жобасын тұсаукесері
9.04
Жіберілімге жазылып барлық жаңалықтардан хабардар бол

ЖАЗЫЛ

'STYQ ДЕГЕН НЕ?
'STYQ – бұл өнер аясындағы жобаларға арналған ашық эксперименталды платформа
Бұл өнер мен шығармашылықтағы мүмкін бағыттардың түйісуі. Бұл креативті продюсерлердің, форматтардың бірлестігі және шығармашылық аясындағы коллаборациялардың жаңа сатысы.
Біз бірлесу, эмпатия және эксперимент арқылы өнердің дамуына мүмкіндік тудыруды қалаймыз

STYQ 2020

STYQ 2020 – бұл қаламыздың 4 сахнасында 700-ден астам көрермен жинаған 10 жоба.
Жаңа медиа форматында өткен тегін лекторий мен жас суретшілер көрмесі
Pre-event: qazaq indie музыкалық шоукейсі
«POSTой» сайт-специфик перформансы
Бішкектен келген қонақтарымыздың қараңғыда қойылған «Галерея фантазий» иммерсивті спектаклі
СЛОГ-тың «СОН» перформансы
Сонымен қатар хедлайнер Hatis Noit-ің (Ұлыбритания) өнер көрсетуі

ИНСТАГРАМ

Соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін жазыл

СЕРІКТЕСТЕР

БАЙЛАНАСУ

Айдана
Платформа директоры